Аттестация кемшіліктеріне әдістемелік көмек көрсетілді  

Аттестация кемшіліктеріне әдістемелік көмек көрсетілді   

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан жасақталған мемлекеттік аттестаттау комиссиясы Шалқар ауданы №8 ЖББОМ ұсынған іс-құжаттарына 2023 жылдың қыркүйек айында зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Іс-құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары" негізінде қаралды.

Мектептің білім беру қызметі жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеді. Педагогтердің біліктілік санатының, біліктілікті арттыру курстарының мерзімі өтіп кеткендігі және оқушыларға педагогтер тарапынан бағалау жүйісінің талапқа сәйкессіздігі белгілі болды.   

Шалқар ауданы №8 ЖББОМ әкімшілігімен тыңдалым өткізіліп кемшілік жіберудің мән-жайын анықталды, кемшілікті жоюдың барысына әдістемелік көмектер көрсетілді.