
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің аттестаттау комиссиясы 2023 жылғы 3-6 қазан аралығында 2 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, ЖШС "Мадок" балабақшасы" және ЖК "А.Битурина "Достық балабақшасы" қайта аттестаттау өткізді. Комиссия білім беру ұйымдарының бастапқы мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнама талаптарының бұзушылықтарының жойылғанын ұсынылған материалдары негізінде тексерді. Мемлекеттік қайта аттестаттау қорытындысы бойынша комиссия, ЖШС "Мадок" балабақшасы" және ЖК "А.Битурина "Достық " балабақшасы" білім беру қызметінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігі туралы "аттестатталды" деген қорытынды шығарды.