Мұғалімдер күніне құттықтау ​

Мұғалімдер күніне құттықтау ​

2023 жылғы 6 қазанда білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті “Мұғалімдер күні” мерекесіне орай педагогтарға алғыс хаттар табыс етті. Мемлекеттік аттестаттауды өткізуге сарапшылар ретінде қатысқан облыс педагогтары марапатталды.
​Департамент басшысы Г.Сәрсенғалиева өз құттықтауында облыстың білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге қосқан үлесі үшін педагогтарға алғысын білдірді. Биыл алғаш рет Мұғалімдер күнін мерекелеу 5 қазан күні болып бекітілгенін және бұл күнді мерекелеу Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен үндестірілгенін атап өтті. Жұмыста жаңа табыстар, денсаулық, қуаныш пен бақыт тіледі.