
Отырыста Колледждердің заман қажеттілігіне сай материалдық-техникалық базасын жаңартылуы, дуальді оқыту бойынша білім алған техникалық және кәсіби білім беру мекемелері түлектерінің жұмысқа орналасу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар интернат мекемелерінде балалардың тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жоспарлардың орындалуы туралы сұрақтар қарастырылды.
Гулнара Сарсенгалиева өз баяндамасында колледждердің бүгінгі күнгі жағдайы, мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер, интернаттық мекемелерде жүргізілген тексеріс қорытындысы туралы айтты.
“Жас маман” жобасы бойынша 2020, 2021 жылдары қаржы бөлініп 10 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы замануи құрал-жабдықтармен, жихазбен қамтамасыз етілген. Алайда, әлі көптеген колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартуды, ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді.
Жиын барысында аталған мәселелер толық талқыланып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды, пікірлерін айтты. Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері және қатысушылар тарапынан тиісті ұсыныстар мен пікірлер айтылды, тиісті шешімдер қабылданды.