
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында білім беру саласын дамыту мәселелері қаралды.
Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева өз баяндамасында облыстың білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелеріне тоқталды. Соның ішінде бейнебақылау камераларының жұмысын бекітілген нормативке сәйкестендіру, мектептердегі интернет жылдамдығын көтеру, білім беру мекемелеріндегі жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау, сапалы білім беру мақсатында барлық мектептерді жаңа үлгідегі кабинеттерімен (химия, физика, биология, робототехника), интерактивті тақтамен, спорт залымен, спорттық инвентарларымен қамтамасыз ету, өңірдегі білім сапасын көтеру, ыссы тамақпен 1-4 сыныптағы оқушыларын қамтамасыз ету.
Аппараттық жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Асхат Шахаров білім беру салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.