Мемлекеттік аттестациялау қорытындысы

Мемлекеттік аттестациялау қорытындысы

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан құрылған мемлекеттік аттестаттау комиссиясы 2023 жылдың қыркүйек айының 19-26 күндері аралығында,  Алға ауданының бiлiм бөлiмi  мемлекеттік мекемесінің "№1 Алға мектеп -балабақшасы" КММ-iн Г.Ж. Имагалиеваның төралығымен мемлекеттік аттестаттаудан өткізді.

Бағалау өлшем шарттарына сәйкес бiлiм беру ұйымдарына бағалау жүргізу кезінде негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын бiлiм беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті бiлiм беру стандарттарына сәйкестігіне талдау жүргізілді.

 Талдау қорытындысы бойынша, бiлiм беру ұйымының қызметі стандарт талаптарына сәйкес болмауына байланысты «аттестатталмады» және жiберiлген кемшіліктерді жою мақсатында бiрқатар әдiстемелiк ұсынымдар берiлдi.