Түсіндіру жұмысы жүргізілді

Түсіндіру жұмысы жүргізілді

2023 жылдың 22 қыркүйегі күні Байғанин ауданы №3 Карауылкелді орта мектебінің әкімшілігімен мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша тыңдалым болды.

Бекітілген кестеге сәйкес 13-19 қыркүйек күндері Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Кемешовтің төрағалығымен №3 Карауылкелді орта мектебінің ұсынылған іс-құжаттары қаралды,  мемлекеттік аттестациядан өткізілді. Мектептің білім беру қызметі жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеді, мектеп «Аттестатталмады».

Тыңдалым барысында комиссия мүшелері кемшіліктердің мән-жайын түсіндіріп, кемшілікті жоюдың барысына әдістемелік көмек көрсетті.

Мектеп әкімшілігі кемшілікті жоюдың іс-шаралар жоспарын ұсынды, кемшіліктің жойылуына қайта аттестаттау өткізетін болады.