
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан құрылған мемлекеттік аттестаттау комиссиясы 2023 жылдың қыркүйек айының 6-15 күндері аралығында Ырғыз ауданындағы «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы блім беретін орта мектебі» КММ мен Алға ауданындағы «Қайыңдысай негізгі мектебі» КММ-ін мемлекеттік аттестаттаудан өткізді. Бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім беру ұйымдарына бағалау жүргізу кезінде негізгі бағыттар мен зерделеу обьектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізілді. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен білім беру ұйымдарының қызметі стандарт талаптарына сәйкес болмауына байланысты аттестатталмады және жіберілген кемшіліктерін жою мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар берілді.