Аттестация қорытындысы бойынша тыңдалым

Аттестация қорытындысы бойынша тыңдалым

2023 жылдың 14 қыркүйегі күні Байғанин ауданы Жаркамыс орта мектебінің білім беру қызметіне өткізілген мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысына тыңдалым өткізілді.
Үстіміздегі жылға бекітілген кесте бойынша 06-13 қыркүйек күндері Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Кемешовтің төрағалығымен Жаркамыс орта мектебі орналастырған интернет-ресурстағы іс-құжаттарын қарау негізінде мемлекеттік аттестация өткізілді. Өткен үш оқу жылының құжаттарын қарау барысында мектептің білім беру қызметі жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды, мектеп «Аттестатталмады».
Тыңдалымға Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева қатысып, кемшілік жіберудің мән-жайын анықтап, шұғыл жоюға тапсырма берді.
Тыңдалым барысында комиссия мүшелері кемшіліктердің мән-жайын түсіндіріп, кемшілікті жоюдың барысына әдістемелік көмек көрсетті.
Мектеп әкімшілігі кемшілікті жоюдың мерзімін белгілеп, іс-шаралар жоспарын ұсынады, комиссия кемшіліктің жойылуына қайта аттестаттау өткізетін болады.