
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенгалиеваның төрағалығымен ағымдағы жылдың 13 қыркүйегі күні облыс аумағындағы орта білім беру ұйымдарының басшыларымен оқу процесін ұйымдастыру барысында туындауы мүмкін тәуекелдердің алдын-алу мәселелері бойынша zoom платформасы арқылы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ыстық тамақ пен оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру, сағаттың бөлінуі (вариативті, инвариантты компонент), күрделі жөндеу, гардероб жұмысын ұйымдастыру, ішкі дәретханалардың жұмыс істеуі, ІІ және ІІІ ауысымдағы оқушылардың қауіпсіздігі, педагогикалық әдепті сақтау, жылу беру маусымына дайындық, жәбірлеу (буллинг), дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіз мінез-құлық, педагогтерге жалақы төлеу және т.б. мәселелер талқыланды.
Жиналыс кезеңінде бірнеше білім беру ұйымдарында тасымалдау, тамақтану, күрделі жөндеуге байланысты мәселелердің бар екендігі анықталды.
Сонымен қатар, онлайн жиналыста білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Кемешов білім беру мекемелерінде мемлекеттік аттестаттау барысындағы жиі анықталатын кемшіліктерді баяндап, өзін-өзі бағалау жұмыстарының сапалы жүргізілуін назарға алуды ескертті.