Сарапшылармен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сарапшылармен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

          2023 жылғы 11 қыркүйекте Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. А. Сәрсенғалиева сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау рәсіміне қатысатын сарапшылар үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

          Сондай-ақ, кездесу барысында сарапшыларды ҚР Білім Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығының талаптарымен таныстырды.

          Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 31 желтоқсандағы  №14 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес аттестаттау комиссиясының төрағалары сарапшыларды "Мінез-құлықтың этикалық нормаларымен", "Қызметтік ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемемен" таныстыратының ескертті.