Басшылармен жиналыс

Басшылармен жиналыс

2023 жылдың 12 қыркүйегі күні Ақтөбе қаласы және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен Zoom платформасы арқылы жиналыс өткізілді.

Департамент басшысы  Г.Сарсенгалиева мектептерде қазандықтардың қысқа дайындығы, оқушылардың толық оқулықпен және 1-4 класс оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуының мән-жәйі, оқушыларға тасымал ұйымдастырылуының барысы басқа да өзекті мәселелер бойынша білім бөлімі басшыларының есебін тыңдады.

Сондай-ақ білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Кемешов білім беру мекемелерінде мемлекеттік аттестаттау барысындағы жиі анықталған кемшіліктерді баяндап, өзін-өзі бағалау жұмыстарының сапалы жүргізілуіне бақылау жасаудың қажеттілігін ескертті.

Үстіміздегі жылы барлығы 96 білім беру мекемесінде мемлекеттік аттестаттау өткізіліп 14-і ғана (7 балабақша, 7 колледж) «Аттестатталды». 82 білім беру мекемесінің қызметі жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес келмеген.

Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева білім бөлімінің басшыларына оқушылардың өмір қауіпсізідігін сақтау, сапалық қызмет жүргізу бағытында бірқатар тапсырмалар берді.