
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары ағымдағы жылдың 16-29 тамызы аралығында Ақтөбе облысының прокуратурасының тапсырмасына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін білім беру мекемелерінде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеріс барысында ҚР «Білім туралы» Заңының, ҚР «Педагог мәртебесі» Заңының талаптарына, көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкестігі қаралды.