Жаңа оқу жылына дайындық бойынша ПРЕСС-ТУР

Жаңа оқу жылына дайындық бойынша ПРЕСС-ТУР

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім басқармасымен бірге күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесімен және мектептердің жаңа оқу жылына дайындығымен танысу мақсатында БАҚ өкілдеріне ПРЕСС-ТУР ұйымдастырды.

Бірінші объект- Алға ауданының №3 Алға қазақ орта мектебі болды. Бұл мектепте 2022 – 2023 жылдарға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары бойынша шатыр ауыстырылған, мектептің сыртын қаптау жұмыстары толығымен жабдықталған, кабинеттерге төсеніштер төселіп, плинтустар орнатылған. Тоқ өткізу жұмыстары , жылу жүргізу жұмыстары жүргізілген, дәретхана толықтай жаңадан жабдықталған, кабинет есіктері ауыстырылды, кәріз құбырлары ауыстырылып жөндетілген, мектеп ауласына толықтай тас төсеніштер төселген. Сонымен қатар жаңа модификациялық пән кабинеттерімен жабдықталған. Мектепте 94 мұғалім қызмет атқарады, 1300 оқушы білім алады. Биыл бұл мектеп Үздік мектептер қатарына ілігіп 7000000 теңгеге ие болды.