“Ақпараттық сағат” телебағдарламасы

“Ақпараттық сағат” телебағдарламасы

Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева “Ақпараттық сағат” телебағдарламасына қатысты. Бағдарламада білім саласындағы мәселелер талқыланды. Соның ішінде ең маңызды мәселе- бұл білім сапасы.

Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді.

Білім сапасына әсер ететін факторлар қандай?

  1. Замануи, білім стандартын игеруге мүмкіндік беретін материалдық-техникалық базаның болуы. Бұл дегеніміз жаңа модификациядағы толық жабдықталған кабинеттер, жылдамдығы жоғары интернет, интерактивтік тақта, интернетке қосылған компьютерлік сынып, оқушыларға жасалған қауіпсіз орта.
  2. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесіне байланысты.
  3. Бағдарламаны ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып барынша халықаралық стандарттарға сәйкестендіру
  4. Басқару менеджменті.Бұл ретте мектепішілік бақылаудың да рөлі зор.Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық дайындалуда. Нұсқаулықта нақты мектептің жағдайына бейімделуге болатын келесі материалдар берілетін болады:
  5. Бақылаудың әрбір бағыты бойынша «Басқару шешімдерінің матрицасы»;
  6. Мектепішілік бақылау жоспарының үлгілері мен жалпыланған нұсқалары.