
24 тамыз күні Департамент басшысының орынбасары Жанар Мухамбеталина мен білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Аскар Кемешов Тараз қаласында өткен
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің
Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі аясындағы
«Білім саласында сапаны қамтамасыз етудегі мемлекеттік
бақылау шаралары» атты панельдік секциясы отырысына қатысты.
Панельдік секция отырысын модератор, ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің білім беру ұйымдарын және білімді басқару органдарын бақылау басқармасының бас сарапшысы Сисембина Алма Өмірсерікқызы жүргізді.
Секция отырысында:
✅ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;
✅ Өтініштерді қарау талаптары;
✅ Білім беру ұйымдарының қызметінде жиі кездесетін бұзушылықтар;
✅Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қорытындылары;
✅ Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және білім беру жүйесінің тексеру парақтарына қатысты мәселелер қатарына баяндама жасалып, сұрақ-жауап әдісімен тәжірибе алмасу шаралары ұйымдастырылды.