
Облыстық маслихаттың тұрақты комиссия отырысында білім саласындағы мәселелер көтерілді. Департасент басшысы Гулнара Сарсенгалиева өз баяндамасында оқу жылы қарсаңында мектептерде жүргізілген мониторинг және бақылау шаралары барысында анықталған, шешімін қажет ететін мәселелерге тоқталды. Соның ішінде мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы, жаңа үлгідегі кабинеттермен, интерактивтік тақталармен, спорт залы және спорттық құрал-жабдықтармен, интернет қызметімен қамтылуы, асхана қызметінің болуы, жылу қазандықтарының дайындығы, балалардың өмір қауіпсіздігін қорғау бағытындағы жұмыстары (бейнебақылау, турникет, дабыл түймесі, күзет қызметі).
Нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.