Үстіміздегі жылдың 14-18 тамыз күндері "Зерде" балабақшасына мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестация барысында ұсынылған құжаттары қаралып, жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының орындалуына талдау жүргізілді.
Талдау барысында балабақшада оқу жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырылған қызметінің талапқа сәйкес жүргізілгендегі жеке дамуы картасы жоспарланғандығы және қажетті білім беру базасы қалыптасқандығы анықталды.
Алайда балабақшаның оқу-тәрбие қызметі жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес келмеді, балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелері (қорытынды) жүргізілмеген.