Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева “AQTOBE” телеарнасында  “Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер” тақырыбында өткен «Елге қызмет» бағдарламасына қатысты.

 Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1️⃣білім беру қызметімен айналысу үшін рұқсат беру;
2️⃣білім туралы құжаттарды апостилдеу.

Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы:

✅лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды  (мектеп, колледж, жоғары оқу орындары үшін);

✅лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды (түрлі дайындық, қайта даярлау және т. б. курстарын өткізетін компаниялар);

✅білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін – хабарлама берілген кезден бастап туындайды (балабақшалар үшін).
📌Білім беру қызметіне берілетін лицензия аумаққа тиесілі болғандықтан, заңды тұлға қызмет орны бойынша тіркеуге тұруға тиіс. Осыдан барып филиалдарға тыйым салынады. Лицензия әр мекенжай бойынша орналасқан оқу орнына алынуы тиіс.
📌Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу  15- 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
📌Лицензия алу кезінде мектептер мен колледждерге қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген.
 📌Апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
🔗Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты Гаага Конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.