
Ақтөбе облысында 25 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Облыста 25 білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты, Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені, Жайсаң арнайы білім беру ұйымы, Әйтеке би ауданы - Басқұдық ОМ, Еңбекту ОМ, Алға ауданы – №3 Алға ҚОМ, Ырғыз ауданы – Ы.Алтынсарин ат. ЖББОМ, Т.Жүргенов ат. ЖББОМ, Қарғалы ауданы - №2 Бадамша ОМ, Қобда ауданы – Жиренқопа ОМ, Қобда ҚОМ, Исатай Тайманов ат. гимназия, Мәртөк ауданы – Саржансай ОМ, Мұғалжар ауданы – Жанатұрмыс ОМ, Темір ауданы – Кеңқияқ ОМ, Ойыл ауданы – Көсембай НМ, Хромтау ауданы - №3 Хромтау ОМ, Көктау ОМ, Шалқар ауданы – І.Үргенішбаев ат. ОМ, Ә.Жангелдин ат. ОМ, Ақтөбе қаласы – М.Арын ат. Қарғалы ҚОМ, Сазды ОМ, А.Ермеков ат. №23 ОМЛ, Г.Ақтаев ат. №6 МГ, №9 ОМГ.
Бекітілген жоспарға сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары 13 білім беру мекемесінде ағымдағы жылдың 01 қыркүйегіне дейін, 12 білім беру мекемесінде ағымдағы жылдың 01 қыркүйектен кейін аяқталу тиіс.
Оқу процесі өз мектептерінде, іргелес орналасқан мектептерде, беймделген ғимараттарда және тасымал арқылы ұйымдастырылатын болады.
Күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі Департамент және жергілікті атқарушы органның бақылауында.