
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан құрылған мемлекеттік аттестаттау комиссиясы ағымдағы жылдың тамыз айының 02-08 күндері аралығында қашықтықтан Мұғалжар ауданындағы «Амалия А» ЖШС-інің мемлекеттік қайта аттестаттауға ұсынған іс-құжаттарын қарады. Қайта аттестаттауға ұсынған құжаттарды зерделеу барысында аталған білім беру ұйымында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігі анықталды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы бұзушылықтарды жою туралы іс-шаралар негізінде «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы талаптарына сәйкес тәрбиеленушілерді дамытуға арналған оқу және ойын материалдарымен және жиһаздармен толықтыру жұмыстарын жүргізіп, 546 940 теңгеге заттар сатып алған.