
2023 жылдың 11 тамызы күні «SultanBeibarys» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің балабақшасына қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына толық сәйкес болуы себепті «Аттестатталғандығы» туралы анықтама берілді.
«SultanBeibarys» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің балабақшасына алғашқы мемлекеттік аттестаттау маусым айында болып, жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарынан кемшілік анықталған болатын. Кемшілікті жоюдың жоспары бекітілген.
-ортаңғы топ циклограммасында қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті кесте бойынша сәйкестендірілген;
-педагогтер бейін бойынша біліктілік арттыру курсынан уақытылы өткізілген;
-Балаларға 350 мыңға ойыншықтар алынған;
-Балалардың ойын алаңы жаңартылған, 1 555 000 теңгеге ойын жабдықтары алынған.