
2023 жылдың 20 шілдесінен Ақтөбе облысының аймағында орналасқан «Campit» қала сыртындағы сауықтыру кешені, «Әсем» қала сыртындағы лагері, «Береке», «Нефтянник», «Шұғыла», «Мугоджары» балаларды сауықтыру лагері, «VIP Story Astana» ЖШС («Auyl kamp» ауыл сыртындағы этно лагері), «Көкжар-Бәйтерек» ауыл сыртындағы лагерінің қызметінде балалардың құқықтарын қорғауға және оларды тамақтандыруды, тұруды, медициналық қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманың сақталуына құзырлы мекеме өкілдерінің қатысуымен тексеріс жүргізілуде.
Тексеріс барысында лагерь ашуға рұқсат беру құжаттарының болуы, балалардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстары, біліктілік бойынша бөліністегі қызметкерлердің жалпы санын көрсете отырып, лагерьдің штаттық құрамы, лагерь қызметінің бекітілген бағдарламасы, жұмыс жоспары, ақпараттық стендттер, бұрыштар, ата-аналарға арналған ақпараттық бұрыштардың болуы, балалардың лагерьде болған кезеңіндегі, суға түсу кезіндегі, көліктегі, тәртібі және техника қауіпсіздігі, алғашқы дәрігерлік көмектің болуы – техника қауіпсіздігі бойынша материалдар, сонымен қатар, мүгедек балалар үшін қолжетімділіктің (жатын бөлмесіне кіруге қажетті пандус, қолмен ұстап шығатын қондырғы) болуына қатысты мәселелер қатары зерделеніп, талдау жасалатын болады.
Осы тексеріс кезінде «Нефтянник», «Мугоджары» балаларды сауықтыру лагерьлерінде материалдық базаның жарақтандырылуы, лагерь ауласының абаттандырылуы, тазалықтың сақталуы, балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері жақсы деңгейде ұйымдастырылғаны байқалды.