
2023 жылғы 10 тамызында Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес "Е-лицензиялау" порталы арқылы білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензияға 8 қосымша алуға 1 колледжден және 2 мектептен түскен құжаттар мен материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігі қаралды. Қаралған құжаттардың негізінде лицензиялық комиссияның шешімімен лицензияға қосымшаларды беру және беруден бас тарту ұсыныстар шығарылды.