
2023 жылдың 28-29 шілдесінде облыстық білім басқару органдары басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің, «Өрлеу» БАҰО филиалдарының, білім басқармалары мен әдістемелік орталықтарының басшылары қатысты.
Кездесуде Оқу-ағарту министрі Г.Б. Бейсембаев білім беру жүйесіндегі мәселелрді көтеріп, жоғарыда аталған органдардың жұмысына нақты бағыт-бағдар берді.
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е.Н.Даунов мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына, білім беру органдарының қызметіне жүргізілген кешенді мониторингтің қорытындысын жариялады.
Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев жергілікті атқарушы органдарға мектептерді оқу жылына дайындау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне оқу жылының басталуына дайын емес мектептерге мониторингті жалғастыруды тапсырды.
Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүргізуге үлкен мән берілді.
Семинар-кеңес тақырыбы бойынша тренинг өткізілді.
Бурабай қаласындағы IQanat High School of Burabay мектебінде болдық. IQanat мектебі – 10 және 11 сыныптардағы дарынды оқушылар оқитын және тұратын жеке мектеп-интернат. Әлеуметтік жоба аясында үздік ауыл оқушыларына гранттар бөлінеді.