
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан құрылған мемлекеттік аттестаттау комиссиясы 2023 жылдың шілде айының 24-28 күндері аралығында «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК мен Шалқар ауданындағы «Салтанат-Эл» бөбекжай бақшасы» ЖШС-ін мемлекеттік аттестаттаудан өткізді. Бағалау өлшемшарттарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бағалау жүргізу кезінде негізгі бағыттар мен зерделеу обьектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізілді. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметі стандарт талаптарына сәйкес болмауына орай бірқатар әдістемелік ұсынымдар берілді.