Мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша семинар

Мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша семинар

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша лицензиялау бөлімінің басшысы Мариям Қазмұқашева 2023 жылғы 27-28 шілдеде Ақтөбе қаласының № 1, 2 Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлеріне семинар өткізді.
​Семинар барысында ҚР БҒМ 2020 жылғы 18 мамырдағы №209 бұйрығына сәйкес құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асыру үшін өтініштерді дұрыс қалыптастыру бойынша қойылатын талаптар түсіндірілді.
​ХҚКО қызметкерлері өтініш берушінің Egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы өтінішті ресімдеу және апостиль қоюға құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну кезіндегі келесі проблемалармен бөлісті, яғни азаматтардың Egov.kz порталында хабарлама алуға қолжетімділігінің болмауы және өтініш берушінің құжаттардың түпнұсқаларын уақтылы ұсынбауы.
​Семинар қорытындысы бойынша электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту үшін мынадай өзгерістер енгізу ұсынылды: өтініштің мәртебесі туралы телефонға СМС хабарлама алу, өтініш берген кезде қызметке ақы төлеу және QR-код арқылы мемлекеттік бажға ақы төлеуді жүргізу. Egov.kz электрондық үкімет порталына білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметі үшін өтінішті қайтарып алу функциясын қосуын қарастыру ұсынылды.