Білім беру ұйымындарының жаңа оқу жылынына дайындығынына мониторинг

Білім беру ұйымындарының жаңа оқу жылынына дайындығынына мониторинг

Білім беру ұйымындарының жаңа оқу жылынына дайындығынына мониторинг

 

          Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің тапсырмасы негізінде Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2023 жылғы 10-24 шілде аралығында 409 орта білім беру ұйымдарына бару арқылы мектептердің 2023-2024 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуде.

          Аталған іс-шараны өткізуге С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті және "Өрлеу" БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты" филиалының қызметкерлері қатысуда.

          Мониторинг барысында күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу, спорт залының, асхананың, жылы дәретханалардың болуы, жаңа модификациядағы кабинеттермен (физика, химия, биология, робототехника), интерактивті тақталармен, спорттық мүкәммалмен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ балалардың қауіпсіздік жағдайлары үшін бейнебақылау, турникет, дабыл түймесінің болуы туралы мәселелері қаралды.