Мектеп басшыларымен кездесу

Мектеп басшыларымен кездесу

             2023 жылғы 3 шілдеде Департаментте 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V  Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының талаптарын түсіндіру бойынша жалпы білім беретін мектептердің басшыларымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Департамент қызметкерлері заңды тұлғаларда әртүрлі мекенжайлар бойынша орналасқан бірнеше ғимарат болған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу және қайта ресімдеу мәселелері бойынша түсініктемелер берді.

Әр мектептің проблемасы мектеп басшылары ұсынған құрылтай құжаттарының негізінде жеке қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, Е-лицензиялау порталында өтініш беру алгоритмінің қадамдық нұсқаулығы жүргізілді.