
2023 жылдың 23 маусымы күні Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2022 жыл және 2023 жылдың I жартыжылдығына мемлекеттік бақылау шараларының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді.
Есептік кезеңде 207 білім беру мекемесінде мемлекеттік аттестаттау өткізіліп, 6,8 пайызы мемлекеттік аттестаттаудан өтті. Департаментте 213 арыз-шағым тіркелді.
Департамент тарапынан 347,5, соттың шешімімен 336,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлдар салынды.
Педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеу қорытындысының сертификаттарының берілуі Департамент жанындағы педагогтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және педагогикалық әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган отырысында қаралғандығы мен соның нәтижесінде 70 педагогтің сертификатының жалған екендігі анықталып, заңсыз үстемақы алғандығы белгілі болды. Қазіргі таңда аталған педагогтерге тәртіптік шара қолдану және үстеме ақыларын бюджетке кері қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру мекемелердің мектепішілік бақылау жұмыстарына мониторинг өткізіліп, бақылау жұмыстарының төмендігі анықталды.
12 колледжде 32 мамандықтың 34 біліктілігі Департаментке лицензияға қосымшасын кері қайтарды.
Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.