Жеке мектептердің құрылтайшы және басшыларымен кездесу

Жеке мектептердің құрылтайшы және басшыларымен кездесу

Жеке мектептердің құрылтайшы және басшыларымен кездесу

​2023 жылғы 9 маусымда Ақтөбе қаласындағы №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының базасында қаланың жекеменшік мектептері басшылары, директор орынбасарларының қатысуымен Департамент тарапынан семинар-кеңес өткізілді.
Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева мектеп өкілдерін 2023 жылға бекітілген мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесімен таныстырды, ҚР "Білім туралы" Заңына және "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық түсіндірілді. Бұдан басқа, аттестаттау кезінде жүргізілетін бақылау жұмыстары, оқушылар, ата-аналар мен педагогтар арасында сауалнама жүргізу рәсімі түсіндірілді.
Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Мариям Казмукашева “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына сәйкес жекеменшік мектептердің білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу қажеттігі туралы хабардар етті.
Семинар барысында жеке білім беру ұйымдарында мектеп формасына қойылатын талаптар, ҚР БҒМ 06.04.2020 жылғы №130 бұйрығының талаптарына сәйкес мектепішілік бақылаудың сәйкестігі, ҰБДБ деректерінің сәйкестігі және басқада проблемалық мәселелер талқыланды.