
2023 жылғы 2 маусымда Ұлттық академия базасында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті аумақтық департаменттер қызметкерлерінің қатысуымен "Білім беру саласында лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар - кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Астана қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері қатысып, білім беру қызметін лицензиялау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау сұрақтарына жауап берді.
Семинар қатысушылары білім беру қызметін лицензиялау кезінде талаптарды қолданудың бірыңғай тәсілі бойынша мәселелерді талқылады. Мамандар тиімділікті арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту мақсатында тәжірибе алмасты.
Күннің екінші жартысында семинарға қатысушылар Қадыр Мырза Әли атындағы Binom School мектеп-лицейіне барып, білім берудегі жаңа инновациялармен танысты. Ұлттық бизнес және инжиниринг мектебінде Г.А. Қорғанбаеваның "Көшбасшылық және тұлғалық даму" тренингі өтті.
Семинар қатысушылары лицензиялау бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы әдістемелік көмек және нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстарын жүргізген семинар - кеңестің ұйымдастырушылары мен спикерлеріне алғыстарын білдірді.