
Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева Аманат партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысына қатысты.
Отырыста аймақтағы апатты, үшаусымды мектептердің мәселесін шешу мақсатындағы жұмыстар және мектеп құрылыстары, замануи стандарттар бойынша мектептерді жаңғырту сұрақтары қаралды.
Бүгінгі таңда облыста 5 апатты жағдайдағы мектеп, 6 үш ауысымды білім беру ұйымдары бар. Олардың мәселелері жаңа мектептер салу, соның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 2023-2024 жылдары шешілуі қарастырылып отыр. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы облыста 20 білім беру нысанының құрылысы қарастырылуда. Оқу орындарының тапшылығына байланысты мектептердің басым бөлігі Ақтөбе қаласында салынатын болады.