Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында білім беру ұйымдарына бару арқылы мониторинг жүргізілді.

Мониторингке Алға, Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Мартук, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Ырғыз, Шалқар, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласының 31 жалпы білім беретін мектептері қамтылды.
Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру бойынша жүргізілген мониторинг барысында ҚР БжҒМ 06.04.2020 ж. №130 бұйрығы талабына сәйкес мектеп әкімшілігінің мектепішілік бақылау жоспарының болуы, мектеп әкімшілігі тарапынан сабаққа қатынас, оқу пәндерінің берілу жайына жүргізілген мониторинг, қысқа және орта мерзімді жоспарлардың тексерілуі, тәлімгерлік шаралары, электронды сынып журналының жүргізілуі, БЖБ/ТЖБ орындау бойынша тексеріс, оқушылардың үлгерім табельдерінің жүргізілу барысын тексеру бағытындағы атқарылған жұмыстары зерделенді.
​Сонымен қатар, мониторинг барысында Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің сәйкестігі, интернет жылдамдығы, «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асырылуына қатысты сұрақтар да қамтылды.