
АТА-АНАЛАРДАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ АҚША ЖИНАУҒА БОЛМАЙДЫ
«Сынып сағаттарын, аттестат тапсыру, соңғы қоңырау шараларын өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайластық құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге, аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдауға, мектеп әкімшілігіне, педагогтерге сыйлыққа ақша жинауға жол берілмейді», - деді ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ алаңында өткен брифингте.