
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ АЯҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысында 26 сәуір мен 12 мамыр аралығында 79 мектептің 4 және 9-
сыныптары арасында оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді.
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «Өрлеу» Ақтөбе филиалының қызметкерлері білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізілуіне бақылаушылар ретінде қатысты. Білім бөлімдерінің қолдауымен облыс мектептерінде ББЖМ жақсы ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Тест алушы ретінде тартылған облыстағы колледждер мен балабақшалардың ұстаздары да өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарады. Біздің облысымызда академиялық адалдықты бұзу фактілері: телефондарды пайдалану, бөгде адамдар тарапынан рұқсатсыз бағдарламаға қосылу және басқа да бұзушылық әрекеттер болған жоқ. Мұның бәрі объективті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
ББЖМ нәтижелері білім беру сапасының жай-күйін талдау үшін, сондай-ақ оқу жоспарларын, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын жаңарту және әзірлеу, стратегиялық құжаттар мен НҚА жобаларын әзірлеу үшін пайдаланылады.А