
Департамент тарапынан педагогтың арыз-шағымы негізінде Ақтөбе қаласының білім беру мекемесінде жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында білім беру ұйымында педагогті Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілгендігі анықталды. Нәтижесінде лауазымды тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 409-бабы 7-3-тармағы 1) тармақшасы негізінде әкімшілік іс қозғалып, бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.