
Ақтөбе облысында білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингісі (бұдан әрі – ББЖМ) жалғасуда. Облыс аумағында 2-5 мамыр күндері аралығында барлығы 44 мектепте білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі жүргізілді. Оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг - Ақтөбе қаласы, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір аудандарының білім беру ұйымдарын қамтыды. Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен «Өрлеу» филиалының қызметкерлері ББЖМ-ға бақылаушы ретінде қатысуда.