Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Кемешов 2023 жылдың 20 сәуірі күні облыстық білім басқармасымен бірлескен облыстағы балабақша меңгерушілері, әдіскерлерінің және білім бөлімдерінің жауапты мамандарының қатысуымен өткізілген семинар-кеңеске қатысты. Білім беру мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өтпеуі себептерін түсіндірді, негізгі кемшіліктерге тоқталды.

Сондай-ақ мемлекеттік аттестаттау комиссиясының тұрақты сарапшылары №45 "Алтын бала" бөбекжай- балабақшасының әдіскері А.С.Басмагамбетова және №6 "Орман ертегі" бөбекжай- балабақшасының әдіскері Г.А.Малаева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
2022 жылы жоспарлы 74 балабақшада мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Қорытындысы бойынша 100% толық аттестатталмады.
2023 жылдың І тоқсанына 11 балабақшада мемлекеттік аттестация өткізіліп, 9-ында (81,8 %) жалпыға міндетті білім беру стандарты талабына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмады.
Мемлекеттік аттестаттау кезінде келесі кемшіліктер орын алды.
-Балабақшада топтардың оқу жұмыс жоспарында ұйымдастырылған іс-әрекет атаулары тиісті кестеге сай жасақталмауы;
-Балабақшаларда топтарды жасақтағанда балалардың жас ерекшелігінің ескерілмеуі;
-оқу жұмыс жоспарын ұсынбауы;
-педагогтардың біліктілік санаттарын көтеру жұмыстарының жүргізілмеуі;
-заттық-дамытушы ортасы бойынша жабдықтары мен жиһаздарын дәлелдейтін құжаттардың ұсынылмауы;
-бастапқы даму мониторингін қамтамасыз ететін жеке даму парағы ұсынылмауы;
-топ тәрбиеленушілерінің жетістіктерін мониторингілеу нәтижесінің қорытынды жиынтық есебі әдіскер тарапынан жасақталмауы.