
Білім беру қызметін лицензиялау
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 02.01.2023-31.03.2023 жж. аралығында «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша қаралған заңды тұлғалардың өтініші - 23 (қаңтар-11, ақпан-7, наурыз -5). Оның ішінде:
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға - барлығы 8 өтініш;
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 15 өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы келіп түскен 23 өтініштің 6-на қанағаттандырудан бас тартылды. Яғни, білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына жолданған өтініштердің материалдары мен құжаттарында сәйкессіздіктер анықталуы себепті бас тартулар орын алды.
Білім беру қызметін лицензиялау сұрақтары бойынша лицензиялау комиссиясының есептік кезеңде барлығы 6 отырысы өткізілді.