Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан арыз-шағымдар бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерістер туралы 2023 жылдың І-тоқсанына есеп.
✓9 білім беру мекемесінде арыз-шағымдар бойынша жоспардан тыс тексеріс өткізілді (мектеп-9), 6 білім беру мекемесінде (66,7%) шағымда көрсетілген мән-жайлар расталды.
✓ Білім беру саласындағы заңнамалардың бұзушылығы анықталып лауазмды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды (207 000 теңге);
✓ бір мектепте педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндеттер жүктелгендігі анықталып, лауазымды тұлғаға «Ескерту» түріндегі әкімшілік құқық бұзушылық шарасы қолданылды;
✓екі мектепте педагогикалық әдеп қағидаларының бұзушылығы анықталып, Департамент жанындағы педагогтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және педагогикалық әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган ұсынысы негізінде директордың орынбасарына «Ескерту» түріндегі тәртіптік шара берілді;