29 наурыз күні Департаменттің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектеп директорлары мен оқу ісінің орынбасарларының қатысуымен «Ақтөбе қаласы бойынша білім саласының өзекті мәселелері» тақырыбында төрт жақты меморандум шеңберінде Ақтөбе қаласының №56 жалпы білім беретін орта мектебі базасында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңеске Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева төрағалық етті.
Аталмыш шара екі бағытты қамтыды.
Күннің бірінші жартысында Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева «Ақтөбе қаласында орналасқан білім беру ұйымдарында өткізілген жүргізілген мониторинг  және мемлекеттік бақылау шаралары барысында анықталған мәселелер» тақырыбында, Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Айбат Жанабергенов «Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қатысты бақылау шараларының нәтижелері» тақырыбына, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің бас маманы Нургуль Утешова «2022 жылдың қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында тексеріс барысында анықталған санитраиялық бұзушылықтар туралы», Ақтөбе облысының білім басқармасының бас маманы Дина Орнова «2022 жылы өткен Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингісіндегі Ақтөбе қаласы мектептерінің нәтижелері туралы» баяндама жасады.
«Білім беру ұйымдары басшыларының қызметіндегі тайм-менеджмент және эмоционалды интеллект» тақырыбында «Өрлеу» кәсіби даму институтының Ақтөбе филиалының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Елизавета Давлеткалиева мен кафедраның аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Ақмарал Истлеуова тренинг өткізді.