
Бүгінгі күннің екінші жартысында жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарларының қатысуымен өткен кеңесте Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Гулнар Имангалиева «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығына түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Хромтау №6 мектеп-гимназиясының директоры Гүлмараш Мукашева «Білім беру мекемелерінің қызметін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық актілер түрлері» тақырыбында баяндама жасап, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізді.
Шара соңында семинарға қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, диалог орнатылды.