
29 наурыз күні Ақтөбе қаласында орналасқан білім беру мекемелері
жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағаларымен семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесте Департаменттің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Асқар Кемешов “Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы”Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген “Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары”туралы баяндап, кеңестің қызметі мен міндеттеріне тоқталды.
Сондай-ақ, #51 гимназия жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Ж.Базаргалиева кеңестің жоспарлы жұмыстары мен тиімді нәтижелерін баяндады. Департамент жанындағы педагогтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және педагогикалық әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган өкілі, ардагер-ұстаз Марта Малайдар кеңес төрағаларының арасында педагогтердің әдеп нормаларына қатысты тренинг өткізді. Департамент басшысы Г.А.Сарсенгалиева мектеп жанындағы әдеп кеңестерінің қызметін жетілдіру бағытында ұсыныстар берді.