Педагогқа құрмет – қоғам мәдениетінің негізі

Педагогқа құрмет – қоғам мәдениетінің негізі
Мұғалім – қоғамның рухани тірегі, ұлттың болашағын қалыптастыратын тұлға.
Оған құрмет көрсету – өзімізге, болашағымызға деген құрмет!
Ал мұғалімге құрметсіздік таныту– бұл тек әдепсіздік емес, сонымен қатар қоғамдағы ұстаз беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылық болып саналады.
Оған дөрекі сөйлеу, ар-намысына тию, жалған ақпарат тарату, қоғамдық орындарда немесе әлеуметтік желілерде кемсіту – мұғалімнің қадір-қасиетін төмендететін әрекеттер болып саналады.
Мұндай әрекеттерге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында да белгілі бір жауапкершілік қарастырылған.
🔹 «Педагог мәртебесі туралы» заң мұғалімнің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды қамтамасыз етеді.
🔹 Педагогты қорлау, жала жабу немесе қауіп төндіру жағдайларында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Әкімшілік жауапкершілік (ӘҚБтК)
Егер құрметсіздік абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiрумен көрініс тапса, онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс қолданылады:
• 73-3-бап - Жала жабу
➤ Мұғалім туралы әдейі жалған мәлімет таратқан жағдайда қолданылады.
➤ Айыппұл салу немесе әкімшілік қамауға алу түрінде жаза көзделген.
• .409 бап - Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу
➤ Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік танытқан кезде қолданылады
➤ Айыппұл салу немесе әкімшілік қамауға алу түрінде жаза көзделген.
Кәмелетке толмаған баланың іс-әрекеті үшін жауапкершілік ата-анасына (не заңды өкілдеріне) жүктеледі.
3. Қылмыстық жауапкершілік (ҚК)
Егер әрекеттер ауыр сипат алса, онда Қылмыстық кодекстің келесі баптары қолданылады:
131-бап – Қорлау.
➤Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту;
➤ Айыппұл, түзеу жұмыстары немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза қарастырылған.
Есімізде болсын: Мұғалім – құрмет пен ризашылыққа лайықты тұлға.