Ақтөбе облысының білім басқармасы жанындағы кеңейтілген алқа отырысы өтті

Ақтөбе облысының білім басқармасы жанындағы кеңейтілген алқа отырысы өтті
Отырысқа алқажиын мүшелері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Баяндамалармен Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Сәрсенғалиева, білім басқармасы басшысының орынбасарлары Нұргүл Бертлеуова мен Асхат Ізбасар сөз сөйледі.
♦️ Коллегия барысында өңірдің білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Негізгі тақырыптар қатарында – білім сапасы, мектептердің кадрмен қамтылуы, оқу-тәрбие үдерісінің жағдайы және педагогтердің әдістемелік жұмысы болды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу және колледж түлектерін жұмыспен қамту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Қатысушылар білім беру сапасы – бұл басшылардың, мұғалімдердің және бүкіл білім беру қауымдастығының бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.