Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің 60 жылдық мерейтойы аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту: тәжірибе, болашағы және халықаралық ынтымақтастық» ғылыми -тәжірибелік конференциясы өтті

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің 60 жылдық мерейтойы аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту: тәжірибе, болашағы және халықаралық ынтымақтастық» ғылыми -тәжірибелік конференциясы өтті
Аталмыш конференцияға Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева қатысты.
Сонымен қатар, конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Талап» КЕАҚ өкілі Рахымжан А.К. қатысып техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бағыттарымен және жаңалықтарға тоқталды. Жол картасына сәйкес 7 бағыт қарастырылған. Бұл инновациялық менеджмент, жаңартылған білім беру мазмұны, бизнес пен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі арасындағы синергияның жаңа векторлары, педагогикалық апгрейд, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің цифрлық интеграциясы, техникалық білім беру ұйымдарын халықаралықтандыру, нормативтік қолдау.
Аталған конференцияға Дания, Франция, Чехия, Қытай, Қырғызстан Республикасының өкілдері қатысты. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялар мен халықаралық серіктестік бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі еліміз бойынша үздік колледждердің қатарында, бүгінгі таңда халықаралық аккредиттеуден өтуде.
Колледж жанынан IT Hab ғимараты салынуда. Бұл Hub IT саласында өз идеяларын дамытуға ұмтылатын дарынды мамандарға, студенттерге және кәсіпкерлерге арналған хабқа айналуға арналады.
Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжіне жаңа жетістіктер тілейміз!