
Министр бірқатар өңірлердегі проблемалық мәселелерге тоқталды: кейбір білім беру ұйымдарында басшылар бірнеше жылдан бері тағайындалмаған; мұғалімдердің аттестацияға құжат тапсыру кезінде қателіктер жиі кездеседі, соның салдарынан олар санат ала алмайды. Осыған байланысты білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көмек көрсетуі қажет. Сондай-ақ оқушыларды тасымалдауды дұрыс ұйымдастырмау, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау, білім сапасының төмендігі, ішкі бағалау мен сыртқы бағалау нәтижелерінің арасындағы айырмашылық, «Педагог мәртебесі туралы» Заңының бұзылуына жол берілуі және педагогикалық әдептің сақталмауы сияқты мәселелер де айтылды.
Сонымен қатар басқа да көптеген маңызды мәселелер назардан тыс қалған жоқ.