Құжаттарға апостиль қою

Құжаттарға апостиль қою
Білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарға апостиль қою -құжаттың түпнұсқалығын растау және басқа мемлекеттің аумағында заңды күш беру үшін жүргізілетін рәсім.
​Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ филиалдарының Халыққа қызмет көрсету орталықтар (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі-ЭҮП). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен бекітілген “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу” мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы “Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу” мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы № 625 бұйрығына сәйкес, «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін 2024 жылғы 3 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті орындайды.
​Департаментпен 2025 жылдың 9 айына жеке тұлғалардан барлығы 422 өтініш түсті, 396 өтініш қанағаттандырылып, 26 өтініш кері қайтарылды. Көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар түскен жоқ.