Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы педагогтардың құқықтарын қорғау және білім беру процесінің сапасын арттыру бағытында өзара ынтымақтастықты күшейтуде

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Ақтөбе облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде болып, жуырда қол қойылған екіжақты келісім аясындағы жұмыс кездесуін өткізді.
📘 Бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары:
білім беру саласында құқық бұзушылықтар туралы ақпарат алмасу;
педагогикалық этика мен заңнама мәселелері бойынша бірлескен семинарлар мен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ортақ ұсыныстар әзірлеу.
Ынтымақтастықтың басты мақсаты — педагог еңбегі шын мәнінде құрметтелетін әрі қорғалатын, ал білім сапасы үздіксіз артатын ашық және әділ жүйе қалыптастыру.
Бірлесе отырып, біз сенімге, жауапкершілікке және өзара қолдауға негізделген кәсіби қауымдастық құрамыз.